Шетелдік дипломды қалай тануға болады
ЖүктеуКіріспе
Егер сіз шетелде білім алып, Қазақстанда оқуыңызды жалғастыруды немесе жұмысқа орналасуды жоспарласаңыз, заңнамада көзделген жағдайларда білім туралы құжатты тану рәсімінен өту қажет.
Тану рәсімі шетелде берілген білім туралы құжатты Қазақстан Республикасының аумағында оқуды жалғастыру және (немесе) жұмысқа орналасу үшін пайдалану мүмкіндігін растайды.
Тану тәртібі білім деңгейіне, құжат берілген елге, халықаралық келісімдердің болуына, сондай-ақ заңнамада белгіленген басқа да шарттарға байланысты болады.
Құжаттардың және олардың иелерінің жекелеген санаттары тану рәсімінен өтуден босатылады.
Білім туралы құжаттарды тану жөніндегі мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді.
