Білім туралы құжаттарды тану дегеніміз не

Инструкция

Білім туралы құжаттарды тану - бұл шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау. 

Білім туралы құжаттарды тану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі және білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру кезінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын анықтау, қажет болған жағдайда сараптамалық бағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Сараптамалық бағалау - бұл ұлттық заңнаманы ескере отырып, шетелдік білім туралы құжаттың баламалығын ресми түрде белгілеу және оқуды жалғастыруға және/немесе жұмысқа орналасуға қол жеткізу мақсатында оның иесіне академиялық және (немесе) кәсіби құқықтар беру.

Аттестаттау-Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар шетелде алған ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, хабилитацияланған доктор дәрежелерінің дипломдарын тану үшін жіберілетін құжаттар пакеті.

Дата обновления - 29.08.2023
Справочная информация
Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралыОрта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы
1115