Шетелдік дипломның сараптамалық бағасы қалай жүргізіледі

Инструкция

Өзара тану туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білімі туралы құжаттар мынадай тәртіппен танылады:

  •       Егер білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған болса, білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу;
  •       білім туралы құжат берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу.

Өзара тану туралы халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде білім туралы құжаттар мынадай тәртіппен сараптамалық бағалау жүргізе отырып танылады:

      1) Егер білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған болса, білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу;

      2) білім туралы құжат берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу;

      3) Білім және (немесе) біліктілік деңгейін бағалау;

      4) оқу кезеңдерін бағалау;

      5) оқыту мерзімдері мен нысанын бағалау;

      6) осы құжат берілген мемлекетте білім туралы құжатты иеленушіге берілетін академиялық және (немесе) кәсіптік құқықтардың Қазақстан Республикасында белгіленген үлгідегі білім туралы тиісті құжаттарға берілетін құқықтарға тең екендігін айқындау;

      7) қосымша білімнің болуын айқындау (білім беру деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқыту мерзімдері мен нысанындағы айырмашылықтар анықталған жағдайда);

      8) мамандық немесе білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің болуын айқындау (білім беру деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқыту мерзімдері мен нысанында айырмашылықтар анықталған жағдайда).

Сараптамалық бағалау жүргізу кезінде білім беру деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқыту мерзімдері мен нысанындағы айырмашылықтар анықталған жағдайда, білім туралы құжатты тану қосымша білім алуды және оқуды, мәлімделген мамандық немесе білім беру бағдарламасы бойынша 5 жылдан астам практикалық дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттарды ескере отырып жүргізіледі.

Дата обновления - 29.08.2023
Справочная информация
934