Қандай құжаттар танылуға жатады және жатпайды

Инструкция

Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар танылуға жатады.

Сондай-ақ тану рәсіміне білімі туралы құжаттарды ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтары (шетелдік оқу) туралы құжаттары бар адамдар ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, оқуды жалғастырғысы келетін адамдар құжаттарды тану рәсімінен өтуге міндетті.

Тану рәсіміне жатпайды: белгілі бір салада біліктілігі бар кәсіптік қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы, сондай-ақ қосымша білім туралы дипломдар;

Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен мынадай адамдар өтпейді:

  •       "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері;
  •       танудан босататын мынадай халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаттардың иегерлері:

  - 1992 жылғы 15 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының "Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімі;

  - 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарты;

  - 2017 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісімі.

Дата обновления - 04.06.2024
Справочная информация
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы
4128