Қандай жағдайларда рұқсат беруден бас тартуы мүмкін

Инструкция

Қорғаншы және қамқоршы орган анықтама беруден бас тартуға құқылы:

  • ұсынылған құжаттардың немесе оларда қамтылған деректердің дұрыс еместігін анықтау;
  • көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінде және "Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
  • он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасау немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға немесе кепілге тапсыру бойынша мәмілелер, заң, өсиет бойынша өздеріне тиесілі мұраға құқықтардан бас тартуға, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелер жасасу;
  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Дата обновления - 29.05.2023
Справочная информация
Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралыҚР Заңы «Тұрғын үй қатынастары туралы»Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi
256