Балалардың мүлкіне қандай жағдайларда билік етуге болады

Инструкция

Кәмелетке толмаған пәтер иесі оған 18 жасқа толғанға дейін өз бетінше иелік ете алмайды (сата алмайды, айырбастай алмайды).

Егер бала 14 жастан аз болса, онда оның атынан мәмілелерді ата-аналар немесе заңды өкілдер жасайды. Шартта кәмелетке толмаған баланың атынан әрекет ететіндігі көрсетілген ата-анасының (өкілінің) қолы қойылады.

14 жастан 18 жасқа дейінгі бала ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен мәміле жасайды. Бұл ретте, бала шартқа өзі қол қояды, бірақ оған осы мәмілені жасауға келісетінін белгілей отырып, ата-анасының (өкілдерінің) біреуі қол қояды.

Бұл ретте, ортақ иеленуші немесе жалғыз иесі кәмелетке толмаған болып табылатын мүлікпен іс-қимыл жасау үшін қорғаншы және қамқоршы органның рұқсаты талап етіледі.  Рұқсат мәмілелердің мынадай түрлеріне беріледі:

  • сату;
  • айырбастау;
  • кепілге беру;
  • жалға беру.

Егер кәмелетке толмаған адам тұрғын үйде тұрса, бірақ жылжымайтын мүліктің немесе оның бір бөлігінің меншік иесі болмаса, қорғаншы және қамқоршы органның келісімі талап етілмейді.

 Кәмелетке толмағандарды эмансипациялау

Кейбір жағдайларда 16 жасқа толған кәмелетке толмаған адам өз бетінше мәмілелер жасай алады.  Егер еңбек шарты бойынша жұмыс істесе немесе оның заңды өкілдерінің келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысса, бала толығымен әрекетке қабілетті деп танылады. Эмансипация қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша оның заңды өкілдерінің келісімімен не мұндай келісім болмаған кезде – сот шешімі бойынша жүргізіледі.

Дата обновления - 29.05.2023
Справочная информация
ҚР Заңы «Тұрғын үй қатынастары туралы»Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi
665