Мәмілеге рұқсатты қалай алуға болады

Инструкция

Кәмелетке толмаған адамның мүлкіне иелік етуге қорғаншылық және қамқоршылық органдары беретін анықтама рұқсат болып табылады.

Оны алу үшін онлайн-қызметті пайдалану керек

{"id":17257,"source_id":3211,"title":"Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру","service_code":"S012","service_link":"https://egov.kz/services/S012/"}

Онлайн-өтінім берген кезде оған келесі құжаттар тізімін қоса беріп, өз ЭЦҚ-мен қол қою қажет:

    1. электрондық құжат нысан бойынша кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін өтініш;
    2. (АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
    3. жұбайының атынан нотариус куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не баланың (балалардың) жеке тұратын заңды өкілінің келісімі (ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болуы туралы куәлік, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б.;
    4. заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустан) (заң бойынша мұрагерлікке құқық алған жағдайда);
    5. мүліктің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тиісті ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
    6. баланың (балалардың) пікірінің электрондық көшірмесі (он жасқа толған жағдайда).

    Қорғаншы және қамқоршы орган ұсынылған құжаттарды және ата-ананың (өкілдің) мәмілені аяқтау қажеттілігі туралы дәлелдерін зерттегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде мәмілеге келісім бере алады немесе дәлелді бас тартуы мүмкін.

Дата обновления - 29.05.2023
Справочная информация
ҚР жергілікті атқару органдарының АХАТ бөлімшелері
511