Көлік құралының тіркеу құжаттарына тиісті өзгерістер енгізу

Инструкция

Жүргізілген қайта жабдықтау туралы мәліметтер көлік құралын тіркеу туралы куәлікте көрсетілуге тиіс. Бірыңғай ақпараттық жүйеге және көлік құралын тіркеу туралы куәлікке (КҚТК) өзгерістер енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 3-тарауының 49-56-тармақтарында көзделген құжаттар топтамасын ұсынуы қажет.

Көлік құралын тіркеу туралы куәлікке тиісті өзгерістер енгізу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды жүзеге асыру жолымен көлік құралын одан әрі пайдалануға рұқсат беру үшін әкімшілік полицияның аумақтық бөлімшесі беретін қауіпсіздік талаптарына көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен сәйкестігі туралы куәлік беру қажет.

Жарамсыз (кәдеге жаратылған) көлік құралдарының қосалқы бөлшектері мен агрегаттарынан жиналған немесе техникалық регламенттерді бұза отырып қайта жабдықталған көлік құралы тіркеуге қабылданбайды.

Дата обновления - 06.05.2026
Справочная информация
1868