Көлік құралын қайта жабдықтауға рұқсат алу

Инструкция

Көлік құралын қайта жабдықтауға рұқсат алу үшін электрондық үкімет порталы gov.kz арқылы немесе/және аумақтық әкімшілік полиция бөлімшесіне жазбаша түрде жүгінуге болады.

Көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді келісу үшін төмендегілерді көрсете отырып өтініш берушілер мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруі және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауы қажет (әкімшілік полиция басқармасының аумақтық бөлімшелері):

-заңды тұлға (ұйымның деректемелері) немесе тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы туралы мәліметтерді (жеке тұлғалар үшін);

- заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күнді;

- базалық көлік құралының маркасы, моделі;

- көлік құралының шығарылған жылы;

- базалық көлік құралының мемлекеттік нөмірлік белгісі;

- конструкцияға мәні бойынша ұсынылып отырған өзгерістер енгізу жөніндегі дәлелді ұсыныстар;

- ұйымның (заңды тұлғалар үшін) немесе өтініш берушінің қолы (жеке тұлғалар үшін) ұйымның мөрімен расталған басшының қолы қойылған өтініштің жасалған күні.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша әкімшілік полиция басқармасының аумақтық бөлімшесі оң шешім болған жағдайда, қажетінше көрсетілетін көлік құралының конструкциясына тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды:

а) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу және техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу тәртібі;

б) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі тұрғысынан алдын ала техникалық сараптама жүргізу қажеттілігі.

Дата обновления - 29.05.2024
Справочная информация
"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы
2137