Мұрагерлікке құқықтарды тіркеу

Инструкция

Мұрагер не мұрагерлер мұраның ашылу күнінен бастап 6 ай өткеннен кейін нотариустан мұра алу құқығы туралы куәлік алады. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) тіркеуі тиіс.

Егер мұра даулы болмаса, онда құжат ерте беріледі – бұл заң бойынша немесе өсиет бойынша мұраны алуға қатысты.

Куәлік ресми түрде үй, пәтер немесе учаскеге меншік құқығын ресімдеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік тіркеусіз меншік құқығы басталды деп есептелмейді.

Құжаттар ХҚКО-ға жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу орны бойынша беріледі. Өтінішке қоса беріледі:

  • мұра алу құқығы туралы куәлік;
  • жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру құжаты;
  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төленген төлемді растайтын құжат.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша төлем жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бекітілген бағаларына сәйкес алынады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін берілетін өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.

Дата обновления - 05.12.2024
Справочная информация
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңы,"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының ЗаңыХҚКО Байланыстары
6986