Мұрагерлік – бұл қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа тұлғаларға, яғни мұрагерлерге ауысуы.
Мүлік 2 тәсіл арқылы мұраға қалады:
- өсиет бойынша;
- заң бойынша, егер өсиет жасалмаса.
Жылжымайтын мүлік және жылжымалы мүлікті, интеллектуалдық меншікті, фирмалық атаулар мен тауарлық белгілерді мұраға қалдыруға болады. Мұрагерлікке мүлікпен бірге оның қарыздары да қосылады.
Мұра қалдырушының жеке басымен тығыз байланысты құқықтары мен міндеттері мұраның құрамына кірмейді:
- заңды тұлға болып табылатын ұйымдардағы мүшелік құқығы, егер басқа заңнамалық актілер және шарттармен белгіленбесе;
- өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге құқық;
- алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
- Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасы және әлеуметтік қамту саласындағы Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде зейнетақы төлемдері, жәрдемақы мен басқа да төлемдерге құқықтар;
- заңнамалық актілермен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүліктермен байланысты емес жеке мүліктік емес құқықтар.