Мұрагерлік үшін қашан және қайда жүгіну қажет?

Инструкция

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса, мұрагерлік мүліктің орналасқан орны танылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұра қалдырушының тұрған жері мен мұраның ашылу уақытын анықтау кейіннен мұрагерлерге мұраға құқық туралы куәлік алу үшін қажет.

Егер Сіз мұрагерлікке үмітті болсаңыз, онда мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін бірден нотариусқа мұраның ашылу орны бойынша жүгіну қажет.

Заң бойынша мұрагерлікке ол ашылған кезден бастап 6 ай ішінде кіру керек. 6 айдан кейін нотариус мұрагерге Мұрагерлікке құқық туралы куәлік береді.

Егер нотариус басқа үміткерлер жоқ екендігін куәландырса куәлікті 6 айлық мерзім аяқталғанға дейін алуға болады.

Егер мұрагерлер қабылдау мерзімін өткізіп алса, сот мерзімді келесі талаптар бойынша қалпына келтіреді:

  • мерзімі дәлелді себеп бойынша өткен, мысалы ауру себепті;
  • мұрагер сотқа дәлелді себептердің әрекет етуі тоқтағаннан кейін жарты жыл ішінде жүгінсе.

Мұрагерлік қабылданды деп танылады, егер мұрагер:

  • мүлікті иеленуге немесе басқаруға көшсе;
  • басқа адамдардың талаптары, қол сұғуларынан мүлікті қорғаса;
  • мүлікті ұстап күтуге шығындарды төлесе;
  • Мұра қалдырушының қарыздарын төлесе, мұра қалдырушыға тиесілі ақшаны үшінші тұлғалардан алса.

Мұрагерлік мұрагердің азаматтығына байланысты, ол Қазақстан Республикасының азаматы және шетелдік, жалпы мемлекет болуы мүмкін.

Мүлік Қазақстаннан тыс жерде болса, қайта ресімдеу мұрагерлік ашылған елдің заңы бойынша жүргізіледі.

Дата обновления - 05.12.2024
Справочная информация
11979