
Қандас мәртебесін беру қызметі қолжетімді.
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі не Мемлекеттік корпорация арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе мен мәртебе алу үшін:
Өмірбаян (еркін түрде).
Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен.
Өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шартқа сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәліктердің, шетелдік паспорттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмелері, үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары), «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11-1) тармақшасында көзделген оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасының қандас және азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін айқындау жөніндегі комиссияның ұсынымы болмаған жағдайда.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады, сондай ақ мемлекеттік базалардан электрондық көшірмелер мен деректерді пайдалануға мүмкін болады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2. Мәртебені ұзарту үшін:
Өтініш беруші 6-қосымшасына сәйкес өтініш береді.
Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: қандас мәртебесін беру кезінде – қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен түсіре отырып, жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін береді. migration.enbek.kz порталында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жеке кабинетте көрсетіледі.
Қандас мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен кейін 30 жұмыс күні ішінде ресімдейді.
Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:
1) үміткерлердің «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 20-бабы 1) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
2) өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы қолдаухат беретін этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерлейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуы;
4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын этникалық қазақтың қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегiн
Қандас мәртебесін беру - 30 жұмыс күні ішінде
Қандас мәртебесін ұзарту - 3 жұмыс күні ішінде