Мобильді азаматтар базасы – бұл бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы мемлекеттік қызметтер алу, қызметтерге қол қою немесе авторизациялау кезінде SMS парольдерін жіберу үшін қажет пайдаланушылардың ұялы телефондарының бірыңғай базасы. Сонымен қатар, өз нөмірлерін МАБ-да тіркеу арқылы азаматтар проактивті және композиттік мемлекеттік қызметтерді ала алады.
Мобильді азаматтар базасында «Мобильді азаматтар базасында абоненттік нөмірді тіркеу» қызметін пайдалана отырып, пайдаланушыларды тіркеуге болады.
1) ЭЦҚ арқылы egov.kz порталына кіріңіз.

2) Басты бетте Азаматтарға-Көлік және коммуникациялар-Коммуникациялар бөліміне өтіңіз.

3) «Мобильді азаматтар базасында абоненттік нөмірді тіркеу» қызметін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беру үшін батырманы басыңыз.

МАБ-қа тіркелу барысында байланыс операторларында тіркелген, өз атыңызға рәсімделген телефон нөмірлерін таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
4) Сіздің ұялы телефон нөміріңзге 1414 нөмірінен автоматты түрде тексеру SMS-коды келіп түседі (баланс оң болған жағдайда).

5) Тексеру кодын теріңіз және «Растау» батырмасын басыңыз.

6) ЭЦҚ көмегімен өз іс-әрекетіңізді растаңыз.