Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Порталда "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметтерді алу үшін сіз migration.enbek.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Өмірбаян (кез келген нысанда).
Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасымен.
Өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шартқа сәйкестігін айқындайтын құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, этникалық қазақтар шыққан елдің уәкілетті органдары берген, үміткерлердің ұлтын растайтын өзге де ресми құжаттар), егер «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 11-1) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртібімен және қандас мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына жататындығын айқындау жөніндегі Комиссияның ұсынымы болмаған жағдайда.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін көшіп келушілердің критерийлік бағалаудан өткендігі туралы хабарлама.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен ұсынылады, тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады, сондай-ақ мемлекеттік дерекқорлардан алынған электрондық көшірмелер мен деректерді пайдалануға жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Қандас куәлігі беріледі.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың ақпараттық жүйеде 1 жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш берушінің сұрауы бойынша жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен жүктеу арқылы береді. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі migration.enbek.kz порталында жеке кабинетте көрсетіледі.
Қандас мәртебесін беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және осы Тәртіптің 5-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде ресімдейді.
Жергілікті атқарушы орган келесі негіздер бойынша Қандас мәртебесін беруден және/немесе кандидаттарды қабылдаудың аймақтық квотасына енгізуден бас тартады:
1) үміткерлер «Халықтың көші-қоны туралы» Қзақстан Республикасының Заңы 20-бабының 1) тармақшасында белгіленген шарттарды орындамаған;
2) мемлекеттік қызметке үміткер ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (ақпараттың) дәлсіздігін анықтау;
3) Қазақстан Республикасының аумағында кандас мәртебесін алуға және/немесе кандидаттарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш берген этникалық қазақтар жасаған құқық бұзушылықтар туралы айыптайтын ақпараттың немесе олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысын көрсететін басқа ақпараттың болуы;
4) «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көзделген этникалық қазақтың шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) аумақтық-әкімшілік бірлікте кандастарды қабылдауға өңірлік квота болмауы немесе этникалық қазақтың қоныс аударуға ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
30 жұмыс күні ішінде көрсетіледі