Салық әмияны дегеніміз не
Салық әмияны - салық төлеушінің өтінішінсіз онлайн-режимде автоесептер жүргізу мүмкіндігі бар, бірыңғай деректемелерден төлемдерді қабылдау және өңдеу жөніндегі сервис.
Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігіне ие.
Сервис салық төлеушіге оның бюджетпен ағымдағы және алдағы міндеттемелері туралы ақпарат береді.
Салық әмиянынан алынған ақша автоматты түрде декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардың мәліметтерін ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға аударылады.
ESalyqМемлекеттік кірістер комитетіпорталының мобильді қосымшасындағы "Салық әмиянының" сервисі App Store және Play Market-те жарияланған.
Сервиске қол жеткізу үшін:
- ЭЦҚқолдану арқылыeSalyqқосымшасында тіркелу;
- мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда sms - код бойыншаeSalyqқосымшасында тіркелу;
- ЖСН және пароль бойынша баптау;
- жылдам қол жеткізу және биометрия коды бойынша баптау қажет.
