Салық әмияны қызметі туралы не білуіңіз керек


Салық төлеуші салықтарды төлеу кезінде мыңнан астам деректемеден өзіне қажетті төрт - БСК, ТТК, бенефициар-алушының БСН және сомасын көрсетуі қажет.

Олардың біреуін дұрыс көрсетпеу бюджетке төлемдердің дұрыс есептелмеуіне және тиісінше айыппұлдар мен өсімпұлдарға әкелуі мүмкін. 

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық төлеу процесін жеңілдету мақсатында "Cалық әмияны"сервисі іске қосылды.

Мұнда біз сервистің қолданыстағы сервистерден несімен ерекшеленетінін айтамыз.