Жеке тұлғалар үшін онлайн ЭЦҚ ұзарту

Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, түрлі онлайн қызметтерді (анықтамаларды алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) алған кезде сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың функциясын атқара отырып, оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды.  Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау мақсатында ЭЦҚ қолданысын жыл сайын ұзартып отыру қажет. Сөйтіп, сіз сертификаттар жоғалмағанын  және өзіңіздің қолыңызда болғанын, бөтен адамдардың қолына түспегенін растайсыз.

ЭЦҚ қолдану мерзімінің аяқталуы туралы хабарлама

Файлдық жүйеге берілген ЭЦҚ-ның қолдану мерзімі 1 жылды құрайды.Негізгі ақпарат тасығыштарға (жеке куәлік, Kaztoken, eToken, аKey, jaCarta) шығарылған ЭЦҚ-ның мерзімі 3 жылды құрайды.ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жүйесінде ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімінің жақындап келе жатқаны туралы хабарламалардың екі түрін онлайн режимінде ұзарту ұсынысымен автоматты түрде жіберу жүзеге асырылды.

  • Электрондық пошта бойынша көп мәрте хабарламалар – 1 ай бұрын, 2 апта бұрын, 7 күн бұрын. Бұл хабарламаларды алу үшін ҚР ҰКО-дағы жеке кабинетіңізде өзіңіздің e-mail-ңызды көрсету қажет.
  • ЭЦҚ әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын SMS-хабарлама. SMS Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне, яғни eGov-тағы Жеке кабинетте пайдаланушыда тіркелген телефон нөміріне келеді.

Жеке тұлғаларға ЭЦҚ әрекетін дербес қалай ұзарту керек?

ҚР Ұлттық куәландыру орталығы сайтының Бас бетінде «Жеке кабинет» деген бөлімге өту қажет, бұдан әрі жеке кабинетке кіруіңіз қажет. (1-сур.)

1-сурет.

«Кіру» батырмасын шертіңіз, авторландыру бетіне өтіңіз. (2-сур.).

2-сурет.

Ашылған терезедегі тізімнен – Дербес компьютер, жеке куәлік, eToken PRO (Java, 72K), eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey «Кілттерді сақтау қоймасы» түрін таңдауыңыз қажет. (3-сур.).

3-сурет.

«Кілттерді сақтау қоймасына жол» жолында Сіздің тіркеу куәліктеріңіз орналасқан жолды көрсету керек. Аутентификация кілтін таңдаңыз (AUTH_RSA) және «Ашу» батырмасын басыңыз. (4-сур.). 

4-сурет.

«Кіру» батырмасына басыңыз. (5-сур.).

5-сурет.

Пайда болған диалогтық терезеге Өзіңіздің кілттерді сақтау қоймасының паролін енгізіңіз.(6-сур.).

Назар аударыңыз! Казтокен арналған белгіленген пароль: 12345678, eToken PRO (Java, 72K), eToken 5110, JaCarta, AKey: 1234567890.

6-сурет.

«Кілттердің тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. Парольді дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті көрсетіледі. «Қол қою» батырмасына басыңыз. (7-сур.).

7-сурет.

Пайдаланушының жеке кабинетіне қош келдіңіз. (8-сур.).

8-сурет.

«Тегі» мәзірі

Пайдаланушының «Тегі» мәзірінде ҚР ҰКО пайдаланушы профайлы туралы ақпарат бар. (9-сур.).

9-сурет.

Профайл деректері пайдаланушының жеке ақпаратын қамтиды. Баптау параметрінде Сіз интерфейс тілін таңдай аласыз, сондай-ақ электрондық пошта хабарламасын өшіру мүмкіндігі бар. (10-сур.).

10-сурет.

ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу үшін «Менің эцқ кілттерім» қосымша беті бойынша өтіңіз. (11-сур.).

Пайда болатын мәзірден мына тармақшалардың біреуін таңдаңыз:

• ЭЦҚ кілттерін қайта шығару - өтінімді онлайн режимінде (қолданыста ЭЦҚ кілттерінің болу шартымен) ЭЦҚ-ны Тіркеу орталығында растаусыз беруге мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілттерін қайтарып алу - тіркеу куәліктерін қайтарып алуға мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілттерін алуға арналған өтінімдер – берілген өтініштерді қарау мүмкіндігін береді;
• ЭЦҚ кілттерінің тізімі – қолданыстағы тіркеу куәліктерін көрсетеді;
• Өтінімнің мәртебесін тексеру - берілген өтінімнің мәртебесін тексеруге және тіркеу куәліктерін орнатуға мүмкіндік береді;
• ЭЦҚ кілтінің паролін ауыстыру - ЭЦҚ-ның паролін ауыстыруға мүмкіндік береді.

11-сурет.

Пайда болатын мәзір тізімнен «ЭЦҚ алуға арналған өтінімдер» бөлімін таңдаңыз. Бұл бөлімде Сіз барлық ЭЦҚ шығаруға арналған өтінімдерді көре аласыз.
Жаңа терезеде пайдаланушының ЭЦҚ шығаруға арналған барлық өтінімдері көрсетіледі. (12-сур.).

12-сурет.

Егер Сіз өтінімді pki.gov.kz ресми сайтындағы «Көрсетілетін қызметтер» бөлімі арқылы берсеңіз (бұл бөлім жеке кабинеттің функционалы болып табылмайды), онда Сіз бұл өтінімді Тіркеу орталығына жүгінбей растай аласыз.

Осы мақсатта қажет өтінімді табыңыз және «Редакциялау» батырмасына басыңыз.

Ашылған терзеде өтінімнің мәртебесін таңдаңыз.

Өтінімнің мәртебесін өзгеруге келісу туралы қанат белгісін қойып, «Еңгізу» батырмасына басыңыз. (13-сур.).

13-сурет.

Өтінімді растау процедурасы аяқталды.

Өтінімді растағаннан кейін «Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзірін ашыңыз, «Өтінімнің статусын тексеру» бөліміне өтіңіз.

Өтінімнің нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасына басыңыз. (14-сур.).

14-сурет.

Тіркеу куәліктерін орнату үшін жабық кілттеріңіз сақталған папканы көрсетіңіз және іздеу белгісшесіне басыңыз. Өтінімді берген кезде қалыптастырылған жабық кілттеріңіздіің сақтау орнын көрсетіңіз. Және де «Ашу» батырмасына басыңыз. (15-сур.).

Назар аударыңыз! Кілттер қолдау көрсетілетін қорғалған жеткізгіш біреуіне шығарылған жағдайда: eToken 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey тіркеу куәліктерін орнатқан кезде құрылғыны алдын ала компьютерге қосыңыз.

15-сурет.

Кілттерді сақтау орны ретінде Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда – парольді толтыру жолдары пайда болады. ЭЦҚ кілттеріңізге пароль ойлап тауып, оны енгізіңіз және «Сертификаттарды жүктеу» батырмасына басыңыз. (16-сур.).

Назар аударыңыз! Пароль латын әріптерінен және сандардан тұруы керек. Парольдің ұзындығы кемінде 6 таңбадан құралып 32 таңбадан аспауы тиіс. Сонымен қатар, парольге келесі таңбаларды қосуға болады: жоғарғы регистрлі латын әріптері және арнайы таңбалар «#$^+=!*()@% &_?-.».

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз! Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰКО Сіздің парольдерді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, бұл кілттерді кері қайтару қажет.

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасына басыңыз. Тіркеу куәліктері сәтті орнатылғанын хабарлайтын терезе пайда болады. (16-сур.).

16-сурет.

Тіркеу куәліктерін шығару аяқталды. (17-сур.).

17-сурет.

Бұл бөлімде тіркеу орталығында өтінімді растаусыз онлайн режимінде (қолданыстағы ЭЦҚ кілттері болған жағдайда) өтінім беруге болады. (18-сур.).

Негізгі жолдар қолданыстағы тіркеу куәлігіне сәйкес автоматты түрде толтырылады.

Е-mail, елді мекенді, кілттерді сақтау орны мен Кілттерді сақтау орнына жолды көрсетіңіз.

Және де «Өтінім беру» батырмасына басыңыз.

18-сурет.

Жіберілетін өтінімнің дұрыстығын растаудың қанат белгісін қойыңыз және «Растау» батырмасына басыңыз. (19-сур.).

Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттерінің жария етілу тәуекелін төмендету үшін қорғалған кілтті ақпаратты жеткізгішті пайдалануды ұсынамыз.

19-сурет.

Парольді енгізіп, «Қол қою» батырмасына басыңыз. (20-сур.).

20-сурет.

Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз.

Осы нөмір бойынша «Өтінімнің мәртебесін тексеру» бөлімі арқылы тіркеу куәліктерін орнатыңыз. (21-сур.).

21-сурет.

ЭЦҚ кілттерін қайта шығару сәтті аяқталды.