Шетелге тұруға кетесіз бе?

Егер Сізге шетелге кету қажет болып және кетуге мүмкіндік туындаса, яғни оны құжат түрінде ресімдеудің екі тәсілі бар:
- Қазақстан азаматтығынан шықпай тұрақты тұрғылықты жерге (ТТЖ) кетуге рұқсат алу;
- Қазақстан азаматтығынан шығуды кейіннен басқа азаматтықты ала отырып ресімдеу.
Осы материалда екі тәсіл бойынша құжаттарды ресімдеу үшін не істеу керектігі туралы айтамыз.
