Азататтықтан шығу кезінде зейнетақы жинақтарын алу
Азататтықтан шығу кезінде өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды алуға сіздің құқығыңыз бар. Ол үшін Зейнетақы тағайындау туралы шарт жасалғанБЖЗҚфилиалына жүгініп, қажетті құжаттарды төменде көрсетілген 3 тәсілмен ұсыну қажет.
Зейнетақы жинақтарын алушыныңБЖЗҚофисіне жеке жүгінуі кезінде:
- шетелдік паспорттың көшірмесі және оны салыстыру үшін түпнұсқасы;
- алушының банк шоты туралы анықтама.
Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы (құжаттарБЖЗҚофисіне сенім білдірілген/заңды өкілінің жеке жүгінуі кезінде ғана қабылданады):
- шетелдік паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе;
- сенім білдірілген/заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және оны салыстыру үшін түпнұсқасы;
- нотариалдық* куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық* куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкілі жүгінген жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/ заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;
- алушының банк шоты туралы мәліметі.
Почта байланысы арқылы:
- БЖЗҚішкі құжатында бекітілген нысанға сәйкес алушы өз бетімен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтінішбланкісініңөзекті нысаныБЖЗҚсайтында орналастырылған), бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалдық* куәландырылады;
- шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалдық* куәландырылған көшірмесі *;
- алушының банк шоты туралы мәліметі.
* – егер құжаттар түпнұсқалары көшірмелерінің дұрыстығын, алушының өтінімдегі қойылған қолдарының түпнұсқалылығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жасалатын болса, оларды заңдастыру қажет.
