Қазақстанда тұрған кезде ТТЖ-ға кетуді ресімдеу
Егер Сіз Қазақстан азаматтығынан шықпай шетелге тұруға көшкіңіз келсе, онда Сізге тұрақты тұрғылықты жерге (ТТЖ) кетуге рұқсат алу қажет.
Оны алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО) төмендегі құжаттармен жүгіну қажет болады:
- өтініш-сауалнама;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты;
- Алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады.
- ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
- әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама;
- он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Ата-анасының бірінің келісімі болмаған кезде кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін;
- мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек – 1АЕК.
Құжаттар қолма-қол берілуі тиіс.
Құжаттарды ресімдеу кезінде Қазақстаннан кетугетыйым салудың болуына тексеруден өту қажетекенін атап өтеміз.
Нәтиже, яғни Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім өтініш берілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде дайын болады.
