Na početak

АӘК алуға кім үміткер бола алады


АӘК жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен ҚР халқының келесі санаттарына тағайындалады:

  • ҚР азаматтары;
  • ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • босқындар;
  • қандастар.

Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.

Кедейлік шегі– ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде белгіленген бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.

Өз кезегінде, ең төмен күнкөріс деңгейін өңірлер бөлінісінде тоқсан сайынғы негізде ҚР Ұлттық статистика бюросының органдары есептейді.