Шартсыз ақшалай көмек
Шартсыз ақшалайкөмеккөрсетіледі:
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
- зейнеткерлік жасқа жетуімен;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
- екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы.
2. Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
