Na početak

Шартты ақшалай көмек


Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу немесе қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.

Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі.

АӘК бойынша тағайындалған сомаға ай сайынғы негізде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Оның мөлшері 2025 жылы – 5 898 теңгені (3 932 * 1,5 АЕК) құрайды.