Емханаға қалай тіркелуге болады
БМСКұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қалалар, астана) тұрақты немесе уақытша тұратын жеріңіз бойынша емханаға тіркеле аласыз.
Емханаға электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тіркелуге болады. Бұл жағдайда СізгеБМСКұйымыныңЭЦҚқойылған «Жеке кабинетке» тіркелу туралы хабарламасы (талон) немесе электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тарту келіп түседі.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту
