Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?

Вирустық гепатит – бұл гепатиттің 5 вирусының бірінен туындайтын бауырдың қабынуы В және С гепатитінің инфекциясы созылмалы болып, цирроз мен бауыр қатерлі ісігінің дамуына әкелуі мүмкін. Бұл проблеманың айрықша маңыздылығына және жұқтыру ықтималдығына қарамастан, көптеген қазақстандықтар өздерінің иммундық статусын білмейді.
Шын мәнінде, В және С гепатитін терінің ең аз қанап зақымдану қаупі бар - сұлулық салондарынан бастап медициналық мекемелерге дейін жұқтыра аласыз. Аурудың стигматизациясы және соның салдарынан диагностикаға жүгінудің төмендігі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де байқалады.
