Na početak

Егер сіз пирамида схемасына түсіп қалсаңыз не істеу керек


Егер сізде қаржы пирамидасына тап болғаныңызға қатысты күдік пайда болса:

  • дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына, ІІМ-ге;
  • сондай-ақҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінежәне Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне жүгінуіңіз қажет.Қаржы реттеушісіне «Fingramota Online» мобильді қосымшасының «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы немесе Call-орталықтың 1459 қысқа нөмірі бойынша (жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) жүгінуге болады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында кепілдік берілген кірісті төлеуге уәде ететін, оның ішінде әрекеттеріне ҚНРДА-ға азаматтардың шағымдары келіп түскен азаматтардан және ұйымдардан ақшаны тарту жөнінде қызметбелгілері бар тұлғалардың тізіміжарияланды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында қаржы пирамидасы ретінде қызметі күдікті, сондай-ақ сот үкімі шығарылып қойғанұйымдардың кеңейтілген тізбесі жарияланды.