ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ САНДЫҚ ВЕКТОРЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров Дүниежүзілік банктің цифрлық дамуға маманданған өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қатысушылар Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірленіп жатқан Дүниежүзілік Банктің «Орнықты Цифрлық Қазақстан» инвестициялық жобасын дайындау, орнықты цифрлық инфрақұрылым, негізгі әлеуметтік секторлардағы цифрлық трансформация, интеграцияланған және икемді цифрлық үкімет (GovTech) және т.б. бағыттар бойынша жобаның басымдықтары туралы пікір алмасты.
Сондай-ақТараптар 5G аукциондарын өткізуді қоса алғанда, еліміздің цифрлық дамуын реттейтін Қазақстанның қолданыстағы заңнамалық базасын талқылады.