ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ӨТКІЗУШІЛЕР АДАЛ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҰМТЫЛАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ӨТКІЗУШІЛЕР АДАЛ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҰМТЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 195-1-бабына сәйкес цементті көтерме сату бойынша «Аулие-Ата Цемент» ЖШС және «Аулие - Ата Цемент Group» ЖШС, сондай-ақ қиыршық тасты өндіру және сату бойынша «Керамик инвест» ЖШС және «Актас» ЖШС нарық субъектілерімен монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілерін қаралды.

Департаментпен қаралған және қол қойылған монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісі өтініш білдірген нарық субъектілеріне немесе бәсекелестік жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын түсіндіру актісі болып табылады.

Нарық субъектілері монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісін әзірлеу және енгізу арқылы құрылыс материалдарын өндіру және өткізу нарығында адал бәсекелестікке және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға ұмтылысын растайды.

ашық көздерден алынған фотосурет