Газды көтерме жеткізушілерге қатысты тергеп-тексеру басталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тапсырмасы шеңберінде агенттіктің СҚО бойынша департаменті 2019 жыл, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының географиялық шекараларында сұйытылған мұнай газын көтерме, қайталама-көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметтерінің тауар нарығына талдау (бұдан әрі- СМГ талдау) жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша, Департамент СМГ-ыен көтерме сауда сатушыларының әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – ҚР КК) 169-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын бұзу бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады. Бұдан басқа, Департаменттің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілеріне баға қалыптастыру бөлігінде автомобиль көлігіне жанармай құю үшін СМГ сатушылардың іс-қимылдарын қарауға қатысты «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы» СҚ ҚБ өтініші келіп түсті. Осылайша, ҚР КК 2) және 3) тармақшаларының негізінде Департамент 2020 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылғы қыркүйек аралығындағы кезеңде СҚО аумағында СМГ-ын көтерме саудада өткізу бағаларын белгілеуден немесе қолдаудан көрінген, ҚР КК 169-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша СМГ-ын көтерме сауда жеткізушілеріне қатысты ҚР заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдады. Айта кететін бір мәселе, қазіргі уақытта «Автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 125 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 22 бірлескен бұйрығы (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық) қолданылады, оған сәйкес СҚО-да автогаз құю үшін шекті баға 65 тг/л мөлшерінде белгіленген. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында елде төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін, Бірлескен бұйрықтың қолданылуын тоқтатуды болжай отырып, субъектілер бұрын қолданылған бағаны 72 тг/л мөлшерінде белгіледі, осыған байланысты монополияға қарсы орган АГҚС иелерінің атына бірлескен бұйрыққа сәйкес шекті бағаны белгілеуді талап ете отырып, нұсқама шығарды. Алайда, шығарылған нұсқамалармен келіспей, кәсіпкерлер сотқа жүгінді. Облыстық соттың қаулысына сәйкес, Департаменттің нұсқамалары орындалды, ағымдағы жылдың 28 қазанынан бастап өңірдің барлық АГҚС-ында 65 тг/литр мөлшерінде бірыңғай баға белгіленгді.