Жиі қойылатын сұрақтар

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға сәйкес, тұтынушы — бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес тек жеке, отбасылық, үйге арналған тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беретін, сатып алатын және (немесе) пайдаланатын ниеті бар жеке тұлға.

Жеке тұлғалардың тағамдары мен сусындарын алып кіруге тыйым салынған қоғамдық тамақтану (мейрамханалар, дәмханалар, фастфудтар, барлар және т.б.), ойын-сауық кешендеріне (аквапарктер, кинопарктер және т. б.) қатысты арыздары тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының блогына жатады.

Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қажет (Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады).