Артқа

Есенов Бауыржан Серікұлы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменттінің басшысы

Жалпы ақпарат, білімі

Есенов Бауыржан Серікұлы 1983 жылы дүниеге келген.

2004 жылы ҚазГЗУ-дың Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Мансап

2005–2013 жылдары - Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2013–2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күштік құрылымдарында командалық лауазымдарда қызмет атқарған.
2017–2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде тауар нарықтарындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру бөлімінің басшысы, кейін заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2019–2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
- *2020–2024 жылдары- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.
- *2024–2026 жылдары- Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму бөлімінің басшысы және Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарады.

Жұмыс бағыттары

Жаңарту күні: