Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес газбен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімі мынадай:
- газ тарату ұйымынан газ желілеріне қосуға техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) алу;
- берілген техникалық шарттар негізінде жобаны әзірлеу;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
- объектіні қабылдау және газбен жабдықтау желілеріне қосу.
ТШ алу
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)
12-бабының 4-тармағына сәйкес газ тарату жүйесіне қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы береді.
Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 261-тармағына сәйкес ТШ алу үшін тұтынушыларға 4 құжат ұсыну қажет болды.
Бұл ретте ТШ тегін берілетінін атап өту қажет.
Жобаны әзірлеу
Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес берілген ТШ газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады..
Тұтынушы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес жобалауға арналған рұқсат құжаттары бар кез келген жобалау ұйымымен шарт жасасуға құқылы.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары және газбен жабдықтау желілеріне қосылу
Тұрғын үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
18 сәуірдегі №26 бұйрығымен бекітілген көрсетілетін қызметтердің реттелетін түрлеріне жатпайды.
Осыған байланысты, тұтынушы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес рұқсат беру құжаттары бар кез келген ұйыммен шарт жасай алады.
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес газ тарату ұйымдары газбен жабдықтау желілеріне қосуға ТШ береді және орындалған жұмыстардың ТШ-ға сәйкестігін тексереді.
Бүгінгі таңда ҚТГА объектінің қосылуға дайындығына тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі 14-тен 9-ға дейін қысқартылды.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 30-бабы
2-тармағына сәйкес газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізу (газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу) «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 72-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлға жүзеге асырады.
Осылайша, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен аттестаттаған заңды тұлғалар жүргізе алады.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 17-бабы 4-тармағының негізінде Министрлік мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.
Қызметті жүзеге асырудың басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған: www.gov.kz → ҚР Энергетика министрлігі → Қызметі → Салалық құжаттар → Тізілімдер → көтерме жеткізушілер тізілімі.
Сондай-ақ, «www.elicense.kz» порталында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 47-бабының негізінде, өтініш берушінің хабарламаны жібергенін растауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алады.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 146-бабының 4-тармағына сәйкес, шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі) бекітеді.
Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген.