Жиі қойылатын сұрақтар
Облыс бойынша әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғын үйлерді газдандыру қайтарымды негізде тұрғындар газ қазандықтары мен жинақтаушы материалдарды 12 айға дейінгі мерзімге пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып ала алады.
Жетісу облысы тұрғындарын газ қазандықтары мен жинақтаушы материалдарды сатып алуға қолдау көрсету мақсатында жоба әзірленді. Аталған жоба аясында газ қазандықтары мен жинақтаушы материалдар 10 айға дейінгі мерзімге пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады.
Мемлекеттік немесе коммуналдық тұрғын үйде жалдау шарты бойынша тұрып жатқан жалға алушы оны жекешелендіруге өтініш беруге құқылы.
Өтініш тұрғын үй орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) беріледі.
Құжаттарды дайындау: жеке куәлік; тұрғын үйді жалдау шарты; отбасы құрамы туралы анықтама; басқа тұрғын үйдің жоқ екенін растайтын құжаттар.
Әкімдік өтінішті қарап, тұрғын үйді меншікке беру туралы шешім қабылдайды (тегін немесе сатып алу арқылы). Өтініш берушімен тұрғын үйді меншікке беру туралы шарт жасалады. Меншік құқығы әділет органдарында тіркеледі.
Практикалық жағдайлардың мысалдары:
Егер жалға алушының коммуналдық қызметтер бойынша берешегі болса, жекешелендіру алдында ол қарызды өтеуі қажет.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді тегін жекешелендіру құқығы азаматтардың жекелеген санаттарына беріледі.
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.
- I және II топтағы мүгедектер.
- Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және басқа да радиациялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан тұлғалар.
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар.
- Арал маңы өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары.
- Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына жетуіне байланысты босатылған тұлғалар.
- Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органының қызметкерінің отбасы мүшелері.
- Күнтізбелік есеппен жиырма және одан да көп жыл еңбек өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері.
- Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.
- Саяси қуғын-сүргін құрбандары.
Практикалық мысалдар:
II топтағы мүгедек азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерде тұрады. Ол осы пәтерді өз меншігіне тегін рәсімдеуге құқылы.
Егер Ұлы Отан соғысының қатысушысы қайтыс болса, тұрғын үйді тегін жекешелендіру құқығы сол тұрғын үйде тұратын оның отбасы мүшелеріне беріледі.
|
Пәтер сатып алғаннан кейін адам тек тұрғын үйдің иесі ғана емес, сонымен бірге үйдің ортақ мүлкінің тең иесі болады. Бұл мүліктің үлесі пәтердің ауданына байланысты және оны бөлу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік иелері үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жауапты болады. Егер ортақ мүлік дұрыс ұсталмаса, бұл тұруды қауіпті және ыңғайсыз етуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар үшін жауапты меншік иелері болу маңызды: жалпы жиналыстарға қатысу, үйді басқару формасын, сондай-ақ сервистік немесе басқарушы компанияны таңдау. Үйді басқарудың барлық негізгі шешімдері меншік иелерінің жиналысында қабылданады. |
|
«Жетісу облысын 2030 жылға дейінгі перспективасымен кешенді газдандыру» өңірлік схемасына сәйкес, облыстағы 356 елді мекеннің 210-ы газдандыруға жатады. Бүгінгі таңда өңірдің газдандыру деңгейі 67,2% құрайды. 110 елді мекен газдандырылып, 467,0 мың адам (116 мың абонент) газға қол жеткізді. Қазіргі уақытта 2025 жылы басталған 16 өтпелі нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде облыстың газдандыру деңгейі 126 елді мекенге жетіп, 500,0 мыңнан астам тұрғын (72%) газбен қамтылады. |
|
Энергетикалық жабдықты, энергия өндіруші ұйымдарды (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар мен жүйелік операторды пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды "Электр энергетикасы туралы" ҚР Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, тергеп-тексеру нысанында мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады – ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және "электр энергетикасы туралы" ҚР Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің ҚР Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан. Мысалы: 2025 жылы облыста бір энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр желілерінде авариялық ажыратулар жиі орын алды. Тұтынушылардан шағымдар түскеннен кейін Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органы жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында: 1. электр желілерінің тозуының жоғары деңгейі; 2. жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізбеу; 3. жекелеген қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы бойынша білімдерін тексеруден өтпеуі. Нәтижесінде: 1. ұйымға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді; 2. жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды; 3. қауіпті учаскелерде жедел жөндеу жұмыстары жүргізілді; 4. білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмыстан уақытша шеттетіледі. Қабылданған шаралардан кейін: 1. электрмен жабдықтау сенімділігі артты; 2. апаттар саны азайды; 3. тұтынушылар тарапынан шағымдар саны азайды. |
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 146-бабының4-тармағынасәйкес, шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган(Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі)бекітеді.
Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 30-бабы
2-тармағына сәйкесгазбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізу(газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу)«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 72-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлға жүзеге асырады.
Осылайша, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен аттестаттаған заңды тұлғалар жүргізе алады.
Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес газбен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімі мынадай:
- газ тарату ұйымынан газ желілеріне қосуға техникалық шарттарды(бұдан әрі – ТШ)алу;
- берілген техникалық шарттар негізінде жобаны әзірлеу;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
- объектіні қабылдау және газбен жабдықтау желілеріне қосу.
ТШ алу
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының(бұдан әрі – Заң)
12-бабының 4-тармағына сәйкес газ тарату жүйесіне қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы береді.
Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 261-тармағына сәйкес ТШ алу үшін тұтынушыларға 4 құжат ұсыну қажет болды.
Бұл ретте ТШ тегін берілетінін атап өту қажет.
Жобаны әзірлеу
Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес берілген ТШ газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады..
Тұтынушы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес жобалауға арналған рұқсат құжаттары бар кез келген жобалау ұйымымен шарт жасасуға құқылы.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары және газбен жабдықтау желілеріне қосылу
Тұрғын үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
18 сәуірдегі №26 бұйрығымен бекітілген көрсетілетін қызметтердің реттелетін түрлеріне жатпайды.
Осыған байланысты, тұтынушы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес рұқсат беру құжаттары бар кез келген ұйыммен шарт жасай алады.
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес газ тарату ұйымдары газбен жабдықтау желілеріне қосуға ТШ береді және орындалған жұмыстардың ТШ-ға сәйкестігін тексереді.
Бүгінгі таңда ҚТГА объектінің қосылуға дайындығына тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі 14-тен 9-ға дейін қысқартылды.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 17-бабы 4-тармағының негізінде Министрлік мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.
Қызметті жүзеге асырудың басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған: www.gov.kz → ҚР Энергетика министрлігі → Қызметі → Салалық құжаттар → Тізілімдер → көтерме жеткізушілер тізілімі.
Сондай-ақ, «www.elicense.kz» порталында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 47-бабының негізінде, өтініш берушінің хабарламаны жібергенін растауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алады.