Облыстың жергілікті атқарушы органдары қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңың іске асыру бойынша облыста бейбіт жиналыстар мен акциялар өткізуге арнайы 12 орын, бейбіт шеру өткізуге 10 бағыт белгіленді.
Қоғамдық даму басқармасының қызметін аналитикалық қамтамасыз етуді «Коммуникация және талдау орталығы» КММ жүзеге асырады.
Талдау және болжау орталығы тарапынан қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін жарияланымдарды, арандатушылық ақпараттарды анықтау мақсатында күнделікті ресми сайттарға және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында анықталған теріс жарияланымдар жауап алу және қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті басқару органдарына, облыстық басқармалар мен департаменттерге және тиісті құрылымдарға жіберіледі.
Облыстың әлеуметтік-саяси жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау мақсатында әлеуметтанулық зерттеулер, көпшілік сұраулар, интернет сауалнамалар жүргізіледі.