Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

1) «Тарихи тұлғалар» тізіміне аудан, қала әкімдіктерінен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-5-бабында көрсетілген ономастика жұмысының критерийлеріне сәйкес келетін жергілікті жердегі танымал тұлғалардың тізімдері жинақталып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады;

2) Ономастикалық нысандарға атау беру және оларды қайта атау жұмыстарын жүргізу барысында ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген, Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынады;

3) «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (11.07.1997 ж. № 15) 25-5 бабында және ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен (11.07.2025 ж. № 317-НҚ) бекітілген Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымда көрсетілген ономастика жұмысының критерийлері негізінде екі жылда бір (1 қарашаға дейін) ономастика саласындағы уәкілетті органға (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясы) «Тарихи тұлғалар» тізбесін өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.