Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында 100-ден астам этнос өкілдері тұрады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті қазақстандық патриотизм, азаматтық тең құқықтық, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі, «бірлігіміз – әралуандықта» идеясы, ұлттың ұдайы жаңғыруы, сондай-ақ интеркультурализм саясаты қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

Жетісу облысы республикадағы полиэтникалық өңірлердің бірі, 70-тен астам әр түрлі этнос өкілдері,  698,7 мыңнан астам адам тұрады.

Анықтама үшін: 75,8% – қазақтар (532,4 мың адам); 11,9 % – орыстар (83,2 мың адам); 6% – ұйғырлар (44,0 мың адам); 1,2% – корейлер (9,5мың адам); 0,8% – татарлар (6,94 мың адам); 0,3% – өзге этностар (2205 адам).  

Облыстық ҚХА құрамында - 40 адам, оның ішінде 21-і республикалық ҚХА мүшелері, облыста ғана емес, республикадағы танымал қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары.

Бүгінгі күнге этносаралық келісімді нығайту үшін облыс аумағында 21 этномәдени бірлестік, Ақсақалдар кеңестері (барлығы – 121), Аналар кеңестері (барлығы – 124), ғылыми-сарапшылық топ (барлығы – 13), ҚХА кафедрасы (9 адам), этносаралық мәселелер бойынша жетекші журналистер клубы, «Ассамблея жастары», волонтерлер қозғалысы,  Достық үйінде медиация кабинеті, аудан, қалалардың әкімдіктерінде 15 медиативті алаң жұмыс жасайды, 105 қоғамдық медиатор реестрде тіркелген.

Облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы болғандықтан, этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың жұмысын үйлестіретін мекеме.

Дата публикации
19 сентября 2022
Дата обновления
19 сентября 2022
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

02 апреля 2025
Тілдерді дамыту және ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 ноября 2022
Мемлекеттік рәміздер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы