Жетісу облысының аумағында 43 өңірлік БАҚ жұмыс істейді, оның ішінде 18 мерзімді басылым, 22 интернет-басылым (газеттердің сайттары 18), 2 радио, 1 телеарна бар. Облыс аумағында 554 көрнекі үгіт құралдары орналасқан.
Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын кең ауқымды түсіндіру бойынша 2024 жылға арналған өңірлік медиа-жоспар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық қолдау бойынша өңірлік медиа-жоспар, 2024 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» атты сұхбатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде медиа-жоспарлар әзірленді. Медиа-жоспарға сәйкес облыстық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қоғамдық пікір көшбасшыларының, саяси партиялардың, қоғамдық ұйым жетекшілерінің, әр сала өкілдерінің, сарапшылардың пікірлері, түрлі тақырыптағы топиктер, инфографикалар, видео және аудиороликтер дайындалуда.
18 наурыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жетісу облысы әкімдігімен бірлескен «Журналистердің құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара БАҚ өкілдері мен мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды талқылауға және жетілдіруге бағытталды.
Өңірлік коммуникация қызметі құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін 79 баспасөз конференциясы өткізілді, оған 125 спикер шақырылды.
Жалпы, өңірлік БАҚ-та қоғамдық өмірдің барлық саласында болып жатқан игі істер кеңінен насихатталуда.