Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясаттың тиімді іске асырылуын, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтық қоғам институттарымен, этномәдени бірлестіктермен, өңір жұртшылығының өкілдерімен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. «Қоғамдық келісім» КММ-нің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ғылыми-сараптамалық тобының, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубының, облыстық Ақсақалдар, Аналар, Қоғамдық келісім кеңестерінің, медиация орталығының, өңірлік «Ассамблея жастары» жастар қозғалысы штабының жұмыстарын үйлестіреді