Қоғамдық-саяси жағдайды талдау және мониторинг бөлімі

Бөлімнің басты мақсаты мен міндеті Өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси ахуалды талдау мен мониторингін жүзеге асыру. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде Жетісу облысының жедел хабарлау ету және ақпараттық ден қою Алгоритміне сәйкес жұмысты ұйымдастыру және іске асыру. Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша талдамалық материалдар дайындау.  Облыстың өзекті проблемалық мәселелері бойынша ұсынымдарды талқылау және әзірлеу үшін диалог алаңдарын ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын орындау, облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін танымал ету бойынша шараларды ұйымдастыру.