Жиі қойылатын сұрақтар
«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген) қағидалардың 22 тармағына сәйкес, Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісуден өткізу;
3) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу (бұдан әрі – жобалау) және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Бас жоспардан көшірмені жер телімі орналасқан аймақтың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне өтініш жазу арқылы алуға болады.
Мap.e-zhetisu.kz аумақтық геоақпараттық жүйесінде облыс елді мекендерінің барлық қолда бар қала құрылысы құжаттамасы орналастырылған.
Облыстының сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:
- Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім беру;
- Ғимараттарды (құрылыстарды) ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту)туралы шешім беру;
- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру. (облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу).
Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
Елді мекендердің бас жоспары (бұдан әрі – бас жоспар) – қаланы, кентті, ауылды не басқа тұғылықты жерлерді дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың, олардың аумағын аймақтарға бөлуді, жоспарлау құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар, көгалдандыру және абаттандыру жүйесін белгілейтін қала құрылысы жобасы.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 25,26 бабтарына сәйкес қала және аудан әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан және қала аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру жатады.
Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығымен бекітілген) 11-тармағына сәйкес – егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары елді мекеннің бас жоспарында белгіленген жоспарлау құрылымы элементтеріне жəне қала құрылысы регламенттеріне сəйкес 10 гектардан кем емес алаңда əзірленеді.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабы 1 тармағына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:
1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу;
2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.
1-1. Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі.
- Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.
Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген) 4 тарау 69 тармағына сәйкес – жеке тұрғын үй құрылысы екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады.