Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетеді.
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес келесі құжаттар қажет.
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қойылған өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы электронды анықтама-негіздеме;
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған жағдайда, келісетіні туралы электронды шешімінің көшірмесі.
«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес келесі құжаттар қажет.
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің (ғибадат үйінің) және ол тиесілі діни бірлестіктің атауы, қайта бейіндеу мақсаты, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж шіркеушілердің саны, ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген) басшысы қол қойған еркін нысандағы үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі;
3) үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге меншік иесінің келісімі туралы хаттың электрондық көшірмесі (жалға алынған үй-жай жағдайында ұсынылады);
4) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғимаратты (құрылысты) қайта бейіндеу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат ғимаратына немесе ғимаратына (егер шекаралардың арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) бейінделетін ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады) қайта бейіндеуге келісу туралы шешімінің электрондық көшірмесі.