Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» 2024 жылғы 29 қарашадағы №1014 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысының Байзақ және Жамбыл аудандарының бірқатар елді мекендері Тараз қаласының аумағына қосылуына байланысты «Тараз қаласының «Жібек жолы» ауданы әкімі аппараты» КММ құрылды.
2025 жылғы 20 желтоқсандағы Тараз қаласы әкімдігінің №3321 қаулысына және Тараз қалалық мәслихатының
№24-2 шешіміне сәйкес ауданның шекарасы белгіленді.
«Жібек жолы» ауданының аумағы – 17 157,7388 гектар.
Тараз қаласының «Жібек жолы» ауданы бойынша қалаға қосылған Жалпақтөбе, Сұлутөр, Кемел, Түрксіб, Ақбұлым, Талас, Талас станциясы елді мекендерінен барлығы – 29 615 тұрғын қосылып, жалпы ауданның халық саны – 243 487 адамды құрады.