Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
Үңгіртас ауылдық округінің әкімі Д.Абдуали округімізде орналасқан мекеме басшыларына жиналыс өткізді
- Бүгін Үңгіртас ауылдық округі әкімінің орынбасары Дауренбаев Ержан Қауынбайұлы Көкқайнар ауылының тұрғыны, көпбалалыана Елеуова Айгүл Серікқызына, 2024 жылғы 15-ші Тамыздағы жарлық бойынша Алтын алқасымен марапатталды.
- Үңгіртас ауылдық округінде Асыл ана қоғамдық бірлестігі құрылып, ұйымның төрайымы ретінде Абдыбакиева Зивагүл Садыққызы болып тағайындалды.
- Үңгіртас ауылдық округі аумағындағы сауда саттық дүкендер нысандарында ішімдік және темекі тауарларының сату ережелерін сақтау мақсатында арнайы профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шараларға ауылдық әкімшілік қызметкерлері, Ақсақалдар алқасының төрағасы, Ардагерлер кеңесінің төрайымы қатысты.
- Дауренбаев Ержан Қауынбайұлы Үңгіртас ауылының тұрғынын Күміс алқамен марапаттады
- Үңгіртас ауылдық округі бойынша 2024 жылдың Мемлекеттік жәрдемақысына 11 отбасы өз өтініштерін білдірген болатын. Осыған орай тексеру комиссиясы құрылды. Комиссия құрамында Үңгіртас ауылдық округінің әкімі Д.Абдуали, Жамбыл ауданы Мәнсап орталығының маманы, Үңгіртас аналар кеңесінің төрайымы К.Асылбекова, Үңгіртас амбулаториясының меңгерушісі Б.Тобажанова,Үңгіртас ветеринарлық пунктінің меңгерушісі Е.Райымғожаев және Үңгіртас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Қалқабаев өтініш білдірген отбасыларының тұрмыс тіршілігімен танысып қайтты. Тексеру қорытындысын жақын арада тиісті отбасыларға жазбаша түрде жауап беретін болады.
Маңызды
Маңызды ақпаратпен танысыңыз
Жаңартуларға тіркеліп, маңызды жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабардар болыңыз



