Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Құрметті мәдениет және өнер  саласының қызметкерлері!

 

Бүгін міне, ауданымыздың Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында көпшілік алдында жылдық қорытынды есеп беру концертіне куә болып отырсыздар.

 Ауданда жұмыс істейтін 38 мәдени мекемеде 214 адам еңбек етуде. Халықпен тікелей жұмыс істейтін, үлкен-кіші демей барлық іс шараларда тыным таппай өз үлестерін қосып жүрген азаматтар мен азаматшалар қандайда да болсын құрметке лайық жандар.

Бұл мәдениет саласындағы қызметкерлер үшін, барлық мерекелер мен атаулы даталар дағдылы жұмыс күндері болып саналады.

Сіздердің шығармашылықтарыңыздың арқасында өңіріміздің мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді.

Өңіріміздегі мәдениет саласының қарқынды дамуының бірден - бір көрсеткіші – шығармашылық ұжымдардың халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жеткен жетістіктері мен жеңістері.

Биылғы жылдың өзінде  аудандық ұжым облыстық байқауда 2 мәрте жүлделі орынға ие болды.

Биыл ауданымыздың 95 және қаламыздың 60 жылдығымен қатар «Мәдениет – асыл қазынам» атты, Талас ауданының мәдениет күндері де аталып өтті, жыл ішінде «Тұғыры биік - Таласым» атты мерекелік концерт жаз мезгілінде апта сайын әр ауылдық округтің ұйымдастыруымен тұрғындар көзаймына айналса, ал ұлттық құндылығымызбен салт-дәстүрімізді дәріптеген «Ауылым – алтын бесігім» фестивалі ауыл тұрғындарына тамаша тарту болды.

Сонымен қатар, жастарымыз да мәртебемізді көтеруде. Айтар болсақ, «Hustle Dance» би тобы халықаралық жарыстарда ауданымыздың беделін асқақтатса, өзгеде өнерпаздарымыз ән жарыстарының жеңімпазы атанды.

 

Қадірменді мәдениет және өнер

саласының қызметкерлері!

 

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге қуатты өмір, шуақты көңіл, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін.

Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын!