GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Контакты
Аппарат акима
Деятельность
Пресс-центр
Документы
Онлайн-приемная
Все материалы
07 августа 2026
Аққайнар ауылдық округінің әкімі Қайрат Серікбайұлы Ахметалиевтің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Аққайнар ауылдық округінің әкімі Қайрат Серікбайұлы Ахметалиевтің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар таныстырылды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.

17 июня 2026
Аққайнар ауылдық мәдениет үйінде «Терроризм – қоғамға қауіп төндіреді» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізер зардаптарын түсіндіру, жастарды қырағылыққа, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға тәрбиелеу. Кездесу барысында қатысушыларға терроризмнің алдын алу жолдары, қауіпсіздік шаралары және азаматтық жауапкершіліктің маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ құндылық. Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!
#АққайнарАуылдықМәдениетҮйі #ТерроризмгеЖолЖоқ #ҚоғамҚауіпсіздігі #Бірлік #ЖастарТәрбиесі

04 мая 2026
"КҮМІС АЛҚА" ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін 4 мамыр күні округ әкімінің бас маманы Ляззат Матанқызы Қосбармақова Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі N1223 жарлығына сәйкес, Аққайнар ауылдық округінің тұрғыны, көп балалы ана Керимбаева Гулжанат Алимхожаевнаға “Күміс алқа” алқасын табыстады.
Ана болу үлкен құрмет, оның үстіне көпбалалы ана болу өте үлкен жауапкершілік.
Сіз еліміздің демографиясының өсуіне бірден бір үлес қосудасыз. Сол үшін зор алғыс білдіре, отырып, Сізге мықты денсаулық, отбасы амандығын тілейміз. Ұрпақ қызығына кенеле беріңіз!

“Округ әкімі аппараты”КММ

04 мая 2026
2 мамыр күні Аққайнар ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында сенбілік өтті.

Акцияға ауыл әкімі, тұрғындары, зиялы қауым, мекеме басшылары қатысты. Барлығы бірлесе отырып, бұлақ көздерін тазалап, айналаны қоқыстан арылтып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Таза орта – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

Осындай игі бастамалар ауылымыздың көркеюіне, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Табиғатты аялау – болашақ ұрпаққа аманат. Әрқайсымыз туған жеріміздің тазалығына бейжай қарамай, осындай шараларға белсенді қатысайық! 🌿✨


#ТазаҚазақстан
#ТазаОрта
#Жамбылауданы

26 марта 2026
23 Наурыз Аққайнар ауылында дүбірлі той өтті!

23 Наурыз Аққайнар ауылында дүбірлі той өтті!
Керемет мереке барысы ауыл әкімінің құттықтауымен бастау алды. Сонымен қатар ауылымыздың ардагер спорт қайраткерлері Көкімов Жандос пен Қарсақбаев Ертарғын атамыздың 80 жылдық мерейтойына орай "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт" бөлімінің басшысы Әшекеева Нүрбүбі Ертісбайқызы аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, шапан жапты
және ауыл әкімі Қайрат Серікбайұлыда ардагерлерге алғыс хаттарын табыстап, шапан жапты.

Мереке барысы ауылдық мекемелерді марапаттаумен жалғасып,
эстрада жұлдыздарының көңілді концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Артынша спорттық ойындар ойнатылып, наурыз көже таратылды.

Наурыз – тек мереке емес, ол – татулық пен бірліктің, мейірім мен ізгіліктің белгісі.
Әр шаңыраққа бақ-береке, денсаулық пен қуаныш әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

23 февраля 2026
Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың Аққайнар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Жамбыл аудан әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлының Аққайнар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге мекеме және бөлім басшылары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Жыл басында аудан тұрғындарына арналған мемлекеттік бағдарламалар, олардың орындалу барысы және 2026 жылға жоспарланған жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Тұрғындар өз сұрақтарын қойып, барлық бағыттар бойынша тиісті жауаптарын алды. Көтерілген мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта шешімін табу үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

Осындай ашық форматтағы кездесулер тұрғындармен байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік береді.

19 февраля 2026
"Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін" атты алғашқы кездесу өтті

2026 жылғы 16 ақпанда Аққайнар ауылдық округінде Жамбыл ауданы қоғамдық ұйым мүшелерінің бастамасымен «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты алғашқы кездесу өтті. Іс-шара ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, елдегі конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.

Жиынға Алматы облыстық мәслихатының депутаты Молдашева Меруерт Сағындыққызы, қоғам белсендісі Касымберекбаев Таңірберген Қасымқанұлы, Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бижуменова Сания Қабдрашовна, сондай-ақ Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Жунусов Айдын Серікұлы қатысып, тұрғындармен өзара пікір алмасып, кездесуді жүргізді.

28 января 2026
Egov.kz порталы арқылы халыққа қызмет көрсету
Ағымдағы жылдың қаңтар айында “Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты” KMM-ң және мемлекеттік мекеме мамандары http://xn---gov-u4d.kz/ порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу және “өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ”бойынша көптеген анықтамаларды алу туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. Ауыл тұрғындарына Egov.kz порталы арқылы;
ЭЦП кілтін ашу;
ЭЦП кілтін жаңарту;
Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу және т.б. қызметтер көрсетілетіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
01 декабря 2025
1 желтоқсан Аққайнар ауылдық кітапханасында "Нашақорлыққа- жол жоқ" атты дөңгелек үстел өтті.

1 желтоқсан Аққайнар ауылдық кітапханасында "Нашақорлыққа- жол жоқ" атты дөңгелек үстел өтті. Нашақорлықтың зиянды жақтары мен себептері айтылып, түсіндірме жүргізілді.

Нашақорлық — жеке адамға да, бүкіл қоғамға да ауыр зардап әкелетін өте қауіпті дерт. Төменде оның мәні, себептері, белгілері және зияны жайлы қысқа әрі түсінікті ақпарат беремін:

Нашақорлық деген не?

Нашақорлық — адамның есірткіге физикалық және психологиялық тәуелді болып қалуы. Есірткі қабылдауды тоқтатқанда адамда күйзеліс, ашушаңдық, ауырсыну пайда болады, сондықтан ол қайта-қайта қолдануға мәжбүр болады.

Себептері
• Қоршаған ортаның ықпалы (достар, таныстар)
• Қызығушылық, жеңіл жол іздеу
• Отбасындағы қиындықтар
• Стресске төзімділіктің төмендігі
• Психологиялық мәселелер

Белгілері
• Мінез-құлықтың өзгеруі
• Үйден ақша жоғалуы, қарызға бату
• Көңіл-күйдің тұрақсыздығы
• Ұйқының бұзылуы
• Есірткіні тоқтатқанда ауырсыну, діріл, мазасыздық
• Адамдардан алыстау, жақындарына өтірік айту

Зиянды әсерлері

Денсаулыққа:
• Жүйке жүйесінің бұзылуы
• Жүрек, бауыр, өкпе аурулары
• Инфекциялар (ВИЧ, гепатит)
• Өлімге әкелуі мүмкін

Психикаға:
• Аgressия, депрессия
• Ерік-жігердің жоғалуы
• Ең алдымен тұлғаның деградациясы

Қоғамға:
• Қылмыстың көбеюі
• Отбасының бұзылуы
• Жұмыссыздық, әлеуметтік проблемалар

Алдын алу жолдары
• Балалар мен жасөспірімдерге дұрыс тәрбие, түсіндіру
• Пайдалы орта қалыптастыру
• Спорт, хобби
• Стрессті сау жолмен жеңу
• Дұрыс достық ортаны таңдау

01 декабря 2025
Жамбыл ауданының әкімі Аққайнар ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді

Аққайнар ауылының тұрғындарымен кездесу өткіздім. Кездесуге бөлім басшылары мен ауылдың белсенді тұрғындары қатысты.

Жиында 2025 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша кеңейтілген есеп бердім. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандардың жағдайы, жолдар, ауызсу мәселесі және өзге де бағыттар бойынша ақпарат ұсынылды.

Тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Әрбір сұраққа тиісті бөлім өкілдері нақты жауап беріп, алдағы жоспарлар түсіндірілді.

Кездесу соңында ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы