2 мамыр күні Аққайнар ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында сенбілік өтті.

2 мамыр күні Аққайнар ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында сенбілік өтті.

Акцияға ауыл әкімі, тұрғындары, зиялы қауым, мекеме басшылары қатысты. Барлығы бірлесе отырып, бұлақ көздерін тазалап, айналаны қоқыстан арылтып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Таза орта – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

Осындай игі бастамалар ауылымыздың көркеюіне, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Табиғатты аялау – болашақ ұрпаққа аманат. Әрқайсымыз туған жеріміздің тазалығына бейжай қарамай, осындай шараларға белсенді қатысайық! 🌿✨


#ТазаҚазақстан
#ТазаОрта
#Жамбылауданы