
Аққайнар ауылының тұрғындарымен кездесу өткіздім. Кездесуге бөлім басшылары мен ауылдың белсенді тұрғындары қатысты.
Жиында 2025 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша кеңейтілген есеп бердім. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандардың жағдайы, жолдар, ауызсу мәселесі және өзге де бағыттар бойынша ақпарат ұсынылды.
Тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Әрбір сұраққа тиісті бөлім өкілдері нақты жауап беріп, алдағы жоспарлар түсіндірілді.
Кездесу соңында ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.