Құрылым
«Қазгидрогеология» ҰГҚ» КЕАҚ
Ұйым туралы
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Еріген қар суын жинау және су шығынын азайту үшін гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау, озық су үнемдеу технологияларын жедел енгізу, тариф саясатын қайта қарау, Су ресурстары және ирригация министрлігін құру арқылы еліміздің бүкіл су шаруашылығы жүйесін реформалау және оның аясында Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру» тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 66 қаулысымен Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы
Ұйым туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы №89 қаулысымен «ҚазОңТЖС жобалау-іздестіру институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазагромелиоводхоз» Республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қайта ұйымдастырылды. Кейінірек жаңа Министрліктің құрылуына байланысты бұл мекеме Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қарамағына берілді.
«Қазагромелиоводхоз» қызметінің мақсаты — су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және осы саладағы нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу мен мониторинг жүргізу.
«Қазсушар» РМК
Ұйым туралы
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №196 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті жүйесіне кірген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен олардың еншілес ұйымдарын біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру жолымен құрылды және қайта ұйымдастырылған ұйымдардың барлық құқықтары мен міндеттерін иеленеді.