«Қазгидрогеология» ҰГҚ» КЕАҚ

«Қазгидрогеология» ҰГҚ» КЕАҚ қызметінің түрлері ҚР Су кодексінің 28-бабының 2-тармағында көрсетілген, атап айтқанда:

  • халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жер асты суларының ресурстарымен және қорларымен сумен қамтамасыз етілуін талдау және бағалау;
  • жер асты су ресурстарын басқаруды цифрландыруды ұйымдастыру, гидрогеология саласындағы дерекқорлар мен геоақпараттық жүйелерді және геофильтрациялық әрі математикалық модельдерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және оларды басқару жүйелерін құру;
  • жер асты суларына мемлекеттік мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік су кадастрын жүргізуге жер асты сулары бөлігінде қатысу;
  • жер асты суларын мемлекеттік іздестіруді және бағалауды жүргізу;
  • иесіз өздігінен төгілетін және авариялық гидрогеологиялық ұңғымаларды тексеруді, жоюды және консервациялауды жүргізу;
  • суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мониторинг жүргізуді және бағалауды жүргізу;
  • гидрогеология және инженерлік геология бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.

«Қазгидрогеология» ҰГҚ» КЕАҚ құрудан күтілетін нәтижелер:

Бірыңғай орталық: Жер асты сулары саласындағы жұмыстарды басқаруды және үйлестіруді орталықтандыру.

Экономика: Жер асты суларын тиімді пайдалану және еліміздің экономикасына тарту.

Сумен жабдықтау: Ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.